Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      22°C
Ру

10 шілдеден бастап тағы үш жол ақылы болады

Фото көзі: : inbusiness.kz
ZontNews.kz
Шілде 10, 2026, 3:15 Т.Қ.

Қазақстанда 10 шілдеден бастап республикалық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдарында ақылы жол жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды  ZontNews.kz. 

Компанияның хабарлауынша, 10 шілдеден бастап Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал және Бұрылбайтал – Құрты бағыттарында жол жүру ақылы болады. Ал 11 шілдеден бастап ақылы жүйе Талдықорған – Өскемен автожолында іске қосылады.

Жол ақысын есептеу толық автоматтандырылған. Арнайы бақылау аркалары көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін тіркеп, төлемді автоматты түрде есептейді.

Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал учаскесінің ұзындығы 645,64 шақырымды құрайды. Бұл жолда рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық – сағатына 140 шақырым. Осындай жылдамдық шектеуі Бұрылбайтал – Құрты бағытында да сақталған. Ал Талдықорған – Өскемен жолында жол санатына қарай жылдамдық сағатына 100 және 110 шақырым болып белгіленген.

Ақылы жолдарға іргелес аудандар мен қалаларда тіркелген көлік иелері үшін айлық немесе жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Оның құны көлік түрі мен жүк көтергіштігіне байланысты есептеледі.

Абоненттік төлемді kaztoll.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, 1403 байланыс орталығы, ақы алу бекеттері немесе клиенттерге қызмет көрсету орталықтары арқылы рәсімдеуге болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз