Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -15°C
Ру

Виктор Янукович жер жымқырғаны үшін тағы 15 жылға сотталды

Фото көзі: Комсомольская правда / Global Look Press
Қаһар Бинахметов
Қаң. 21, 2026, 2:51 Т.Қ.
0
21

Украинаның Жоғарғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты (ВАКС) елдің бұрынғы президенті Виктор Януковичке қатысты кезекті сырттай үкім жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Янукович орман қорының жер телімдерін заңсыз иемденгені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу материалдарына сәйкес 2007 жылы Премьер-министр қызметін атқарған Янукович Киев облысындағы Днепр-Тетерев орман-аңшылық шаруашылығының жерлерін өз бақылауына алуды жоспарланған. Қылмыстық схемаға тартылған тұлғалар облыстық әкімдіктен 1 гектарға дейінгі жер бөлуді сұрап, кейін оның нысаналы мақсатын өзгерткен. Соңында бұл жерлер экс-президентке қарасты фирманың меншігіне өткен.

«Қылмыстық схеманы іске асыру үшін экс-президенттің сыбайластары өздеріне жақын тұлғаларды тартқан. Олар Киев облыстық мемлекеттік әкімшілігіне жер бөлу және оның нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш білдіріп, кейін жерді бұрынғы президенттің бақылауындағы компанияға кедергісіз өткізіп берген» – деп хабарлады ВАКС судьялар алқасы.

2009 жылдан 2011 жылға дейін аталған аумақта қонақ үй-мейрамхана кешені салынған. Сот Януковичті жалпы ауданы 17,5 гектар болатын орман қорының жерін иемденгені үшін кінәлі деп таныды. Жымқырылған мүліктің құны шамамен 22 миллион гривнаны (260 миллион теңге) құрайды.

Бұл Виктор Януковичке қатысты шыққан алғашқы үкім емес. 2025 жылдың сәуірінде ол дезертирлікке итермелегені және мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізуді ұйымдастырғаны үшін 15 жылға сотталған еді. Сондай-ақ 2019 жылы мемлекеттік сатқындық жасағаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Барлық үкімдер сырттай шығарылды, себебі Украинаның төртінші президенті 2014 жылдан бері елден қашып, Мәскеу түбіндегі Барвихада бой тасалап жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады