Ұлыбритания 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді шектеуді жоспарлап отыр
Ұлыбритания үкіметі келер жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жаңа талап TikTok, Instagram және YouTube сияқты платформаларға қатысты болады. Ал WhatsApp секілді хабар алмасу сервистері бұл шектеуге кірмейді. Сонымен қатар балалардың тікелей эфир жүргізуіне және бейтаныс адамдармен байланыс орнатуына қосымша тыйымдар енгізілуі мүмкін.
Билік ойын платформаларына да назар аудармақ. Мысалы, Ұлыбританияда балалар арасында танымал Roblox қызметі қолжетімді болғанымен, ондағы чат сияқты кейбір функциялар заңмен шектелуі ықтимал.
Заң жобасын әзірлеу барысында мұғалімдер, ата-аналар және балалардың пікірі ескерілген. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 90 пайызы мұндай шараларды қолдайтынын білдірген.
Бұған дейін Австралияда да осындай шектеулер енгізілген болатын. Алайда кейбір балалар VPN арқылы тыйымды айналып өтуге тырысқан. Сарапшылардың пікірінше, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек заңмен шектелмей, ата-аналар, мектеп және қоғамның бірлескен жұмысына байланысты.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз