Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Әуежай қызметкерлері безгектен көз жұмды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 31, 2026, 10:25 Т.Ж.

Франкфурт әуежайының екі қызметкері безгектен қайтыс болып, тағы төрт адам ем қабылдап жатыр. Мамандар инфекцияны таратқан масалар Германияға ұшақпен жеткізілуі мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz. BBC-ге сілтеме жасап.

Әуежай аумағына масаларды ұстайтын арнайы тұзақтар орнатылды. Жәндіктердің түрі мен шыққан тегін анықтау үшін олар зертханаға жіберіледі.

Безгек әуежайдың әртүрлі бөлімдерінде жұмыс істейтін алты ер адамнан анықталған. Роберт Кох институтының мәліметінше, мұндай жағдай Германияда өте сирек кездеседі. Инфекция кеш анықталған жағдайда ауру асқынып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Безгек паразиттен пайда болып, масаның шағуы арқылы таралады. Ол адамнан адамға тікелей жұқпайды. Франкфурт әуежайында «әуежайлық безгек» жағдайы бұған дейін 2023 жылы да тіркелген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз