Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыс: бес адам қаза тапты

Фото көзі: ашық дереккөздерден
Қаһар Бинахметов
Жел. 25, 2025, 4:46 Т.Қ.
0
22

Тәжікстанның шекара қызметі Ауғанстанмен шектесетін аймақта болған қарулы қақтығыс салдарынан бес адамның қаза тапқанын растады. Ресми Душанбе бұл оқиға үшін «Талибан» қозғалысын мемлекеттік шекараны бақылауда дәрменсіздік танытты деп айыптады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

«Ховар» мемлекеттік ақпарат агенттігі жариялаған мәліметке сүйенсек, 24 желтоқсанға қараған түні Шамсиддин Шохин ауданында ұйымның үш мүшесі шекараны заңсыз кесіп өткен. Тәжік сарбаздары оларды анықтаған сәтте қарулы қақтығыс басталған.

«Төтенше жағдай кезінде террористік ұйымның үш мүшесі Ауғанстаннан Тәжікстан Республикасының аумағына өтіп, қарулы қарсылық көрсетті» – деп хабарлады Тәжікстанның шекара қызметі.

Атыс нәтижесінде үш тәліп көзі жойылып, Тәжікстан шекара әскерінің екі әскери қызметшісі қаза тапты. Құзырлы органның мәлімдеуінше, бұл соңғы бір ай ішіндегі адам өліміне әкеп соққан үшінші шекаралық оқиға.

Тәжікстан тарапы Ауғанстандағы қазіргі биліктің шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауы аймақтағы лаңкестік қауіптің артуына тікелей әсер ететінін алға тартады. Қазіргі уақытта аталған аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады