Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Трампты өлтіруге қаржы жинау басталды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 20, 2026, 9:05 Т.Ж.

Иранның мемлекеттік телеарнасында АҚШ президенті Дональд Трампты өлтірген адамға сыйақы беру үшін қаражат жиналып жатқаны айтылды. Бұл туралы ZontNews.kz. порталы «Газета.Ru» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның MEMRI TV жариялаған аудармаға сүйенген мәліметінше, ақша жинау бастамасы IRIB Quran телеарнасының эфирінде көтерілген. Бағдарлама жүргізушісі Марьям Гасеми көрермендерді АҚШ басшысын өлтіретін адамға сыйақы тағайындауға қаржылай үлес қосуға шақырған.

«Барлық ирандық бір күні Трамптың қайтыс болғаны туралы хабарды естуге үміттенеді», – деді жүргізуші.

БАҚ дерегіне сәйкес, тікелей эфир басталғаннан кейінгі алғашқы он минутта көрермендер шамамен 435 доллар, яғни 200 мың теңгеге жуық қаражат аударған. Бағдарламаға қатысқан ирандық кәсіпкер Алиреза Юнчи жиналған соманы 535 долларға, шамамен 250 мың теңгеге дейін толықтыруға уәде берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз