Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Трамп Ормуз бұғазы ешкімнің бақылауында болмайтынын мәлімдеді

Фото көзі: : Egemen Qazaqstan
ZontNews.kz
Мамыр 28, 2026, 10:25 Т.Ж.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы ешбір елдің бақылауында болмауы тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл халықаралық су жолы барлық мемлекеттер үшін ашық болуы керек және Вашингтон жағдайды бақылауда ұстайды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Трамп Ақ үйдегі үкімет отырысында Иранның бұғазды бақылауға алуға ұмтылып отырғанын айтып, мұндай әрекетке жол берілмейтінін жеткізді. Сонымен қатар ол Оманға да ескерту жасап, егер ел бұғазды өз бақылауына алуға тырысса, АҚШ қатаң шара қолданатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Иран өкілдері Тегеран мен Маскат Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өту тәртібі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Айта кетейік, Ормуз бұғазы – Парсы шығанағынан әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған газ жеткізілетін негізгі бағыттардың бірі. Аймақтағы шиеленіс салдарынан бұғаз жұмысына қатысты алаңдаушылық күшейіп, әлем елдерінде жанармай бағасының өсуі байқалған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз