Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланғанын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күнге атысты тоқтату туралы келісім жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оның айтуынша, бұл келісім Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Ливан президенті Жозеф Аунмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде жүзеге асқан.
Трамп сондай-ақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен вице-президент Джей Ди Вэнске тараптар арасында бейбіт келісімге қол жеткізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырғанын айтты.
Ақ үй басшысының сөзінше, егер бұл бітім сәтті жүзеге асса, бұл оның араласуымен реттелген оныншы қақтығыс болмақ.
Айта кетейік, жуырда АҚШ-та Израиль елшісі Йехиэль Лейтер мен Ливан өкілі Нада Хамаде Моавад арасында 1993 жылдан бері алғаш рет тікелей келіссөздер өтті.
Бұған дейін, 2 наурызда «Хезболла» жасаған шабуылдан кейін Израиль әскері 2024 жылғы қарашада күшіне енген бітімге қарамастан, Ливан аумағындағы әскери операцияларын күшейткен еді. Ливан тарапының мәліметінше, шабуылдар салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 6,7 мыңнан астамы жараланған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз