Трамп Иранға қатаң ескерту жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ирак, Кувейт және Иорданиядағы америкалық әскери базаларға жасалған шабуылдан кейін қаза тапқан екі сарбаздың өліміне Иран жауап береді деп мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, Иранның шабуылынан кейін АҚШ екі әскери қызметкерінен айырылған. Бұған жауап ретінде АҚШ Иран аумағындағы маңызды инфрақұрылым нысандарына, соның ішінде көпірлерге қанатты зымырандармен соққы жасаған.
Трамптың айтуынша, АҚШ бірнеше рет Иранды келіссөзге шақырғанымен, жағдайдың ушығуына Тегеранның әрекеті себеп болған.
«Екі жас сарбазымыз қаза тапты. Олар Иранның ядролық қару жасап, әлемге қауіп төндірмеуі үшін жанын қиды. Мен олардың кегін алмай қоймаймын. Бұл – тек бастамасы», – деді АҚШ президенті.
Сонымен қатар сюжетте АҚШ-тағы иммиграциялық қызметтің әрекетіне қатысты тағы бір оқиға айтылды. Мәліметке сәйкес, Техас пен Мэн штаттарында иммиграциялық полиция жүргізген операциялар кезінде адамдар қаза тапқан. Соның бірі – АҚШ азаматы Джон Себастьян Дуран Геррейро. Оның жұбайы құқық қорғау органдарының әрекетін сынға алып, әділ тергеу жүргізуді талап етті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз