Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Time «Жыл адамы» таңдады

Фото көзі: X/ Time
Қаһар Бинахметов
Жел. 12, 2025, 10:14 Т.Ж.
0
6

Time журналы 2025 жылдың «Жыл адамы» атағын жасанды интеллект жасаушыларына бердіі, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Журналдың ресми хабарламасында биыл жасанды интеллект әлеуетінің толық ашылғаны және адамзат өмірін түбегейлі өзгерткен технологияға айналғаны атап өтілген.

«2025 жылы жасанды интеллект өз күшін толық көрсетті. Ақылды машиналар дәуірі басталып, кері қайту мүмкін емес. Осы үшін жасанды интеллект жасаушылары 2025 жылдың «Жыл адамы» деп танылды».

Мұқабаны лондондық иллюстратор Питер Кроутер мен цифрлық суретші Джейсон Сейлер бірігіп безендірді. Олар адам мен машинаның қарама-қайшылығын бейнелейтін иллюстрациялар жасады. Мұқабада Meta, OpenAI, Nvidia, xAI, SpaceX және Tesla жетекшілері — Марк Цукерберг, Лиза Су, Сэм Альтман, Илон Маск, Дженсен Хуанг және Демис Хассабис сияқты тұлғалар бейнеленген.

Журнал редакторы Сэм Джейкобстың айтуынша, «Жыл адамы» атағы адамзат өміріне әсер еткен тұлғаларды әлем назарына ұсынуға мүмкіндік береді.

«Биыл өмірге ықпал еткен адамдар — жасанды интеллектіні ойлап тауып, жобалап, жасағандар. Ендігі даму бағытын адамзат айқындайды», – деп хабарлады басылым.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз