Сингапур әр балаға 17 жасқа дейін $55 мыңға жуық көмек бермек
Сингапур билігі елдегі туу деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты балалы отбасыларды қолдаудың жаңа шараларын енгізіп жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жаңа бағдарлама аясында әрбір жаңа туған Сингапур азаматына 10 мың сингапур доллары көлемінде бір реттік төлем беріледі. Кейінгі әлеуметтік қолдау шараларын қоса есептегенде, бір балаға 17 жасқа дейін берілетін көмектің жалпы көлемі шамамен 70 мың сингапур долларына, яғни 55 мың АҚШ долларына жуықтайды.
Үкімет сондай-ақ бала күтімі мен мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді етуді, ата-аналарға берілетін демалысты кеңейтуді және балалы отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуды жоспарлап отыр.
Бұл шаралар елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Сингапурда жалпы туу коэффициенті бір әйелге шаққанда 0,87 балаға дейін төмендеген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз