Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    16°C
    • Астана
      19°C
Ру

Сальвадорда 486 күдіктіге қатысты онлайн сот басталды

Фото көзі: : reuters.com
ZontNews.kz
Сәуір 24, 2026, 11:59 Т.Ж.
0
12

Сальвадорда қылмыстық топтарға қатысы бар деген күдікпен жүздеген адамға қатысты ауқымды сот процесі басталды. BBC мәліметінше, 486 айыпталушы бір мезетте онлайн форматта сотқа қатысуда, деп хабарлайды   ZontNews.kz. 

Бұл іс MS-13 қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен қозғалған. Елдің бас прокуратурасы олардың 2012–2022 жылдар аралығында 47 мыңнан астам қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Айыптар қатарында адам өлтіру, бопсалау, есірткі және қару-жарақ саудасы бар.

Сот процесінің басты ерекшелігі – оның жаппай әрі қашықтан өтуі. Жүздеген адам бір уақытта онлайн түрде сотқа қатысып жатыр. Сарапшылар мұндай тәсіл әділ сот қағидаттарына әсер етуі мүмкін екенін алға тартады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшылары да бұл тәжірибеге алаңдаушылық білдіріп, мұндай формат айыпталушылардың қорғану құқығы мен кінәсіздік презумпциясына кері әсер етуі ықтимал екенін атап өтті.

Ал Сальвадор билігі айыптарды дәлелдейтін жеткілікті айғақтар бар екенін айтып, кінәсі дәлелденгендерге қатаң жаза сұралады деп отыр. Күдіктілердің бір бөлігі 2022 жылғы наурыздағы жаппай зорлық-зомбылық оқиғаларына қатысы бар деп есептеледі. Сол кезде елде бір демалыс күнінде ондаған адам қаза тауып, президент Найиб Букеле қылмыстық топтарға қарсы ауқымды күрес жариялаған еді.

Қазіргі таңда айыпталушылардың басым бөлігі қамауда отыр, ал бірқатарына сырттай айып тағылып, оларды ұстауға ордер берілген.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, құқық қорғау органдарына кең өкілеттік берілген. Алайда құқық қорғау ұйымдары бұл шаралар азаматтардың құқықтарын шектеуі мүмкін екенін айтып, билікті сынға алып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз