Румыния парламенті Молдовамен бірігу туралы бастаманы мақұлдады
Румыния парламенті Молдовамен бірігу туралы бастаманы «үнсіз мақұлдау» рәсімі арқылы формалды түрде қолдады. Бұл туралы ZontNews.kz. румындық БАҚ пен парламент сайттарындағы мәліметтерге сілтеме жасап хабарлайды.
Заң жобасын Еуропарламент депутаты Диана Шошоакэ ұсынған. Румыния заңнамасына сәйкес, егер заң жобасы 45 күн ішінде пленарлық отырыста қаралмаса немесе қабылданбаса, ол автоматты түрде мақұлданған болып есептеледі.
Құжат мәтінінде парламенттің Молдова Республикасымен бірігу туралы шешім қабылдайтыны және үкіметке Кишинев билігімен бірігуді ресімдеу жөніндегі келіссөздерді жедел бастауға өкілеттік беретіні көрсетілген.
Алайда заң шығару процесі әлі аяқталған жоқ. Төменгі палатада формалды түрде мақұлданған құжат енді Румыния Сенатының қарауына жіберілді. Заң жобасы жоғарғы палатада белгіленген тәртіппен талқыланатын болады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз