Ресейдің Украинаға жасаған соққысынан кемінде 13 адам қаза тапты
30 шілдеге қараған түні Ресей Украина аумағына кезекті зымырандық шабуыл жасады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Шабуыл салдарынан Киев, Кривой Рог, Львов, Полтава және Киев облыстарында жарылыстар болды. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде 13 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.
Ең ауыр зардап Кривой Рог маңында тіркелді. Ресейдің «Искандер-М» баллистикалық зымыраны көпбалалы отбасы тұрған жеке үйге түсіп, алты адамның, оның ішінде екі баланың өмірін қиды. Тағы сегіз адам жарақат алды.
Киевте де бірнеше ауданда өрт шығып, бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Львовта екі көпқабатты тұрғын үй зақымданып, 15 адам зардап шекті.
Жаппай шабуылға байланысты Польша әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери авиациясын әуеге көтеріп, әуе қорғанысы күштерін жоғары дайындық режиміне көшірді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз