Путин Жеңіс күніне орай Украина бойынша бітім идеясын ұсынды
Владимир Путин Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында Украинадағы жағдайға қатысты уақытша бітім мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды ZontNews.kz. РБК-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ресей тарапы бұған дейін Пасха мерекесі кезінде жарияланған уақытша бітім тәжірибесін ескере отырып, Жеңіс күні кезеңінде де осындай қадамға баруға дайын екенін жеткізген.
Трамп бұл ұсынысты қолдап, аталған мерекенің Екінші дүниежүзілік соғыстағы ортақ жеңісті білдіретінін атап өткен.
Әңгіме барысында тараптар әскери іс-қимыл жүріп жатқан аймақтағы жағдайды да талқылады. Путин қазіргі ахуал жөнінде ақпарат берген.
Ал Трамп Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған келісімге жақын арада қол жеткізуге болады деген пікір білдірді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз