Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -14°C
Ру

Прокуратура Оңтүстік Корея экс-президентіне 10 жыл түрме жазасын сұрады

Фото көзі: AP Photo / Chung Sung-Jun
Қаһар Бинахметов
Жел. 26, 2025, 1:21 Т.Қ.
0
28

Оңтүстік Корея прокуратурасы бұрынғы президент Юн Сок Ёлға қатысты жүргізіліп жатқан қылмыстық істердің бірі бойынша айыптау қорытындысын жариялады , деп хабарлайды ZontNews.kz Yonhap агентігіне сілтеме жасап.

Сеул орталық округтік сотында өткен отырыста мемлекеттік айыптаушылар экс-президентті сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Аталған талап Юн Сок Ёлға тағылған басты айып емес. Арнайы прокурор Чо Ын Сок бастаған топтың мәлімдеуінше бұрынғы мемлекет басшысы 2024 жылғы желтоқсандағы әскери жағдай енгізу әрекетінен кейін тергеу амалдарына тосқауыл қойған. Атап айтқанда ол қаңтар айында өзін ұстауға келген тергеушілерге қарсылық білдіріп, министрлер кабинетінің тоғыз мүшесін ресми отырысқа шақырмау арқылы олардың құқықтарын бұзды деп айыпталуда.

«Сот төрелігіне кедергі келтіру туралы іс бірінші болып аяқталады. Сот бұл мәселе бойынша үкімді Юн Сок Ёлдың қамау мерзімі бітуіне екі күн қалғанда, яғни 16 қаңтарда жариялайды» – деп хабарлады Yonhap агенттігі.

Қазіргі уақытта Юн Сок Ёлға қатысты барлығы төрт сот процесі жүріп жатыр. Олардың ішіндегі ең ауыры мемлекеттік бүлікке басшылық ету айыбы болып табылады. Қорғаушы тарап алдымен бүлік туралы негізгі іс аяқталғанша бұл үкімді шығармауды өтінгенімен, судья бұл шағымды қанағаттандырмады.

Бұған дейінгі сот отырыстарында Юн Сок Ёлдың Солтүстік Корея аумағына дрондар жіберу арқылы арандатушылық жасағаны туралы деректер қаралған болатын. Егер бүлік шығару және өзге де ауыр айыптар дәлелденсе, прокуратура экс-президентке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын талап етуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады