Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Пеленің әлем чемпионатындағы жейдесі 6 миллион долларға бағаланды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 3, 2026, 11:09 Т.Ж.

Аңыз футболшы Peléнің 1958 жылғы әлем чемпионатының финалында киген жейдесі аукционға шығарылды. Мамандар оның құны 6 миллион доллардан асуы мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.

1958 жылы Швецияда өткен әлем біріншілігінің финалында Бразилия құрамасы алаң иелерін 5:2 есебімен жеңіп, тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанған. Сол кезде небәрі 17 жаста болған Пеле шешуші матчта екі гол соққан еді.

Сауда-саттық 29 маусымда басталып, 16 шілдеде аяқталады. Егер жейде болжанған бағаға сатылса, ол спорт тарихындағы ең қымбат жәдігерлердің біріне айналмақ.

Айта кетейік, қазіргі рекорд Diego Maradonaға тиесілі. Оның 1986 жылғы әлем чемпионатында киген жейдесі 2022 жылы 9,28 миллион долларға сатылған.

Пеле Бразилия құрамасы сапында үш мәрте әлем чемпионы атанып, мансабында 1 279 гол соққан. Ол футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз