Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Солтүстік Кореяға көмектесті деп айыпталды

Фото көзі: FB/ Юн Сок Ёль
Қаһар Бинахметов
Қар. 11, 2025, 9:07 Т.Ж.
0
9

Оңтүстік Кореяның арнайы прокурорлары бұрынғы президент Юн Сок Ёльге Солтүстік Кореяға көмектесті және билікті теріс пайдаланды деген айып тақты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Олар 2024 жылы Юн Сок Ёльдің ұшқышсыз аппаратарды (дрондарды) Солтүстік Кореяға жіберу туралы бұйрық бергенін, бұл әскери жағдай мен қақтығысты туғызу мақсатында жасалғанын мәлімдеді.

Прокурорлардың айтуынша, дрондар Пхеньян маңында құлап, Юн «қарсыласқа пайда әкелді» деп есептеледі, себебі әскери ақпарат сол арқылы қарсы тарапқа жеткен. Сонымен қатар, экс-президентке шетелдік агрессияға итермелеу, саяси төңкеріс ұйымдастыру және парламенттегі дауыс беруді тоқтату сияқты айыптар тағылған.

2024 жылдың желтоқсанында Юн Сок Ёль кенеттен әскери жағдай жариялап, оны оппозицияның «мемлекеттілікке қарсы әрекетімен» түсіндірген еді. Парламент бұл шешімді мақұлдамады, ал 2025 жылдың сәуірінде Конституциялық сот оның импичментін растады.

2025 жылғы 15 қаңтарда Юн Сок Ёль екінші рет қамауға алынды. Бірінші әрекет күзетшілердің кедергісіне байланысты сәтсіз аяқталған болатын

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз