Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Норовирус: Франция портында кеме карантинге жабылды

Фото көзі: : Ambassador Cruise Line Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz https://informburo.kz/kaz/newskaz/1700-adam-karantinge-zabyldy-franciiadagy-kruizdik-kemede-norovirus-tarady
ZontNews.kz
Мамыр 15, 2026, 2:55 Т.Қ.

Бордо портында шамамен 1700-ден астам адам мінген Ambition круиздік кемесі карантинге жабылды. Бұған борттағы жолаушылардың бірінің қайтыс болуы және норовирус жұқтыру күдігі себеп болған, деп хабарлайды   ZontNews.kz. BBC-ге сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 90 жастағы британдық жолаушының норовирусқа ұқсас белгілермен көз жұмғаны хабарланды. Кемеде шамамен 1233 жолаушы және 514 экипаж мүшесі болған. Қазіргі таңда жолаушыларды кемеден түсіру уақытша тоқтатылып, санитарлық тексерулер жүргізіліп жатыр.

Алдын ала деректер бойынша, кемеде шамамен 50-ге жуық адамда құсу, іш өту сияқты гастроэнтерит белгілері байқалған. Францияның санитарлық қызметтері зертханалық қорытындыларды күтіп отыр.

Кеме Шетланд аралдарынан басталған сапардан кейін 12 мамырда Бордоға жеткен. Бұған дейін ол Ливерпуль, Белфаст және Брест қалаларына тоқтаған. Жолаушылардың басым бөлігі Ұлыбритания мен Ирландия азаматтары.

Компания бортта санитарлық шаралар күшейтілгенін мәлімдеді. Мамандар норовирустың жабық ортада, әсіресе круиздік кемелерде тез тарайтынын және егде жастағы адамдар үшін аса қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз