Нигерияда қырық баланың өмірі қиылды
Нигерияның Сокото штатындағы Горау қаласында жолаушылар мінген қайық аударылып, кемінде 40 бала қаза тапты, деп хабарлайды ZontNews.kz. «Коммерсантқа» сілтеме жасап.
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қайықта шамамен 70 адам болған. Жолаушылардың басым бөлігі күріш жинауға бара жатқан 10–15 жас аралығындағы балалар екені айтылды.
Билік өкілдері судан 40 бала мен үш ересек адамның денесі табылғанын мәлімдеді. Тағы 16 адам аман құтқарылды. Қазіргі уақытта апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Нигерияда жолаушылар қайықтарының апатқа ұшырауы жиі кездеседі. Мұндай қайғылы жағдайларға кемеге шамадан тыс адам мен жүк тиеу, техникалық бақылаудың жеткіліксіздігі және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болып отыр.
Биыл қаңтар айында Йобе штатында да осындай ірі қайық апаты болған еді. Сол кезде 25 адам қаза тапқан.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз