Нидерландта хантавирусқа байланысты 12 медицина қызметкері карантинге жабылды
Неймеген қаласындағы университеттік медициналық орталықтың 12 қызметкері хантавирус жұқтырған науқаспен байланыстан кейін карантинге жіберілді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, вирус жұқтырған адамның қан және зәр талдауларымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік хаттамасы толық сақталмаған. Осыдан кейін аурухана басшылығы медицина қызметкерлерін 42 күнге карантинге оқшаулау туралы шешім қабылдаған.
Аурухана өкілдері вирус жұқтыру қаупі өте төмен екенін айтып, орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін хантавирус тіркелген MV Hondius кемесіндегі науқас 7 мамыр күні Неймеген университеттік медициналық орталығына жеткізілген болатын. Ал 12 мамырға қараған түні Нидерланд еліне Тенерифе аралынан эвакуацияланған 28 жолаушы жеткізілді.
Хантавирус індеті басталғалы бері кемеде үш адам қайтыс болған. Олардың екеуі — нидерландтық ерлі-зайыпты, біреуі – Германия азаматы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеті расталған және екі күдікті жағдай тіркелгенін хабарлады. ДДҰ барлық жолаушыға 42 күндік карантин енгізуді ұсынып отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз