Мәскеу облысындағы мектепте қаза тапқан тәжік баласын Отанында жерленді
Ресейдің Мәскеу облысындағы мектепте қаза тапқан 10 жастағы тәжікстандық бала Кобилджон Алиев Тәжікстандағы туған жері Шахринав ауданында жерленді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қоштасу рәсімі Аджам ауылында өтті. Жаназа намазына Тәжікстан мүфтиі Саидмукаррам Абдулкодирзода қатысты. Баланың мәйіті 18 желтоқсан күні таңертең Тәжікстанға жеткізіліп, күшейтілген қауіпсіздік шараларымен жерлеу орнына апарылды.
Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Қауіпсіздік қызметкерлері журналистерге ашық түсірілім жасауға рұқсат бермеген. Марқұмның анасы Нилуфар Алиева ұлын Душанбе қаласына жіберуді жоспарлағанын, алайда оның сыныптастарымен қоштасқысы келгенін айтты.
Кобилджон Алиев 16 желтоқсанда 15 жастағы жасөспірімнің шабуылы салдарынан қаза тапты. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктінің әрекеті ұлтшылдық және ксенофобиялық көзқарастармен байланысты болуы мүмкін. Ресейдің құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, күдіктінің кінәсін мойындағанын хабарлады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз