Монакодағы қастандық: күдікті белгілі болды
Монако билігі украиналық кәсіпкер Вадим Ермолаевқа жасалған қастандыққа күдіктінің жеке басын анықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
BFMTV телеарнасының мәліметінше, ол Еуропа елдерінің бірінде жүргені белгілі болған. Қазір Монако сотының сұрауы бойынша халықаралық іздестіру және құқықтық ынтымақтастық шаралары жүргізіліп жатыр.
France Info мәліметіне сәйкес, күдікті – Германияда тұратын 30 жастағы Украина азаматы. Тергеу нұсқасы бойынша, жарылыстан кейін ол Франция арқылы Италияға қашып кеткен.
Тергеушілердің болжамынша, жарылғыш құрылғы Ермолаевтың серігі Анна Насобина үйге кіріп бара жатқан кезде қашықтан іске қосылған. Салдарынан екі ересек адам мен бір жасөспірім жарақат алды.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның ұйымдасқан қылмысқа немесе шетелдік араласуға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Айта кетейік, Вадим Ермолаев – "Алеф" корпорациясының негізін қалаушы. БАҚ мәліметінше, ол 2019 жылы Украина азаматтығынан бас тартып, Кипр азаматтығын алған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз