Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Мэддокс әкесінің тегінен ресми түрде бас тартты

Фото көзі: : Getty Images
ZontNews.kz
Қыр. 15, 2026, 10:43 Т.Ж.

Лос-Анджелес соты 25 жастағы Мэддокстың өтінішін қанағаттандырып, оның аты-жөнінен Брэд Питттің тегін алып тастауға рұқсат берді. Енді ол ресми түрде Мэддокс Чиван Джоли деп аталады, деп хабарлайды  ZontNews.kz. People басылымына сілтеме жасап.

Лос-Анджелес округі Жоғарғы сотының судьясы Вирджиния Кини тиісті құжаттарды бекітіп, өтінішке қарсылық білдірушілер болмағанын мәлімдеді. Осылайша, Анджелина Джоли мен Брэд Питттің үлкен ұлының толық аты-жөні Мэддокс Чиван Джоли-Питттен Мэддокс Чиван Джолиге өзгертілді.

Мэддокс аты-жөнін өзгерту туралы өтінішті мамыр айында берген. Ол мұндай шешім қабылдауына «жеке жағдайлар» себеп болғанын көрсеткен.

Режиссердің ассистенті болып жұмыс істейтін әрі анасының киножобаларына қатысатын Мэддокс бұған дейін де Питт тегін қолданбаған. Фильмдердің титрлерінде оның аты тек Джоли тегімен жазылып жүрген.

Мэддокс Брэд Питттің тегінен бас тартқан жұлдызды отбасының алғашқы баласы емес. Оның қарындасы Шайло кәмелет жасына толғаннан кейін, 2024 жылы тегін ресми түрде өзгерткен. Захара мен Вивьен де әкесінің тегін қолданбай жүргені хабарланған.

Мэддокстың адвокаты Питер Кеннет Левин бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты. Анджелина Джоли мен Брэд Питт те сот шешімі жөнінде әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз