Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -14°C
Ру

Мария Мачадо өзінің Нобель сыйлығын Дональд Трампқа табыстады

Фото көзі: ашық дереккөздерден
Қаһар Бинахметов
Қаң. 16, 2026, 10:02 Т.Ж.
0
29

Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корина Мачадо Ақ үйдегі ресми қабылдау кезінде өзінің Нобель бейбітшілік сыйлығын АҚШ президенті Дональд Трампқа тарту етті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оппозиция жетекшісі бұл қадамды екі ел арасындағы тарихи байланыстың нышаны әрі демократия жолындағы ортақ күрестің белгісі ретінде бағалады.

Мачадо бұл оқиғаны 200 жыл бұрынғы тарихи параллельмен байланыстырды. Сол кезеңде генерал Лафайет Симон Боливарға Джордж Вашингтон бейнеленген медальды сыйға тартқан болатын. Оппозиция жетекшісінің айтуынша, бүгінде Венесуэла халқы бұл марапатты Вашингтонның мұрагеріне — Дональд Трампқа еркіндік жолындағы қолдауы үшін ұсынып отыр.

«Бүгін Боливар халқы Нобель бейбітшілік сыйлығын Вашингтонның мұрагеріне — АҚШ президентіне біздің еркіндігімізге деген адалдығының белгісі ретінде табыстайды» – деп мәлімдеді Мария Мачадо Капитолийден шығу барысында.

Айта кетерлігі, Нобель комитетінің ресми ережесі бойынша бұл марапатты өзгеге беруге немесе оны қайтарып алуға рұқсат етілмейді. Дегенмен Мачадо бұл сыйлықты «Венесуэла халқының меншігі» деп санайтынын және оны Трампқа табыстау туралы шешімін қаңтар айының басында-ақ жариялаған болатын.

АҚШ президенті бұл ишараны жоғары бағалап, Truth Social әлеуметтік желісінде ризашылығын білдірді.

«Мария Корина Мачадомен кездесу мен үшін үлкен мәртебе болды. Ол көптеген қиындықтарды еңсерген ерекше тұлға. Мария маған өзінің Нобель сыйлығын табыстады, бұл — өзара құрметтің айқын белгісі» – деп жазды Дональд Трамп.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады