Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Мар-а-Лаго келіссөздері: Трамп пен Зеленский бейбіт келісімнің соңғы нұсқасын талқылады

Фото көзі: Ақ үй
Қаһар Бинахметов
Жел. 29, 2025, 9:08 Т.Ж.
0
24

Владимир Зеленский бейбіт жоспарды талқылау мақсатында Флоридаға барып Дональд Трамппен жүздесті. Екі сағатқа созылған жабық келіссөздер барысында Украинадағы қақтығысты тоқтатудың нақты тетіктері қаралды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бұл жүздесумен қатар Еуропа басшылары және Владимир Путинмен телефон арқылы кеңесті.

Дональд Трамптың айтуынша Украина бойынша бейбіт уағдаластық орнатуға өте жақын және тараптар арасында айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Қазіргі уақытта тек бір-екі түйткілді мәселе ғана шешімін таппаған. Владимир Зеленский бейбітшілік жоспарының 90 пайызға дайын екенін және қауіпсіздік кепілдігі бойынша талаптардың толық мақұлданғанын мәлімдеді.

«Украина бейбітшілікке дайын» – деп жазды Владимир Зеленский өзінің telegram-арнасында.

Жақын арада тараптар арасында жаңа байланыстар сериясы күтіледі. Трамп келіссөздерді кейінге қалдырудың мағынасыз екенін ескертіп, Украинаның бұдан былай уақыт созуы жаңа аумақтық шығындарға әкеп соқтыратынын жеткізді. Осы орайда Зеленский келісімнің кейбір тармақтары бойынша референдум өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Украинаға мәмілеге қазір келген дұрыс, әйтпесе олар бұдан да көп жері мен адамынан айырылады» – деп мәлімдеді Дональд Трамп.

Қауіпсіздік кепілдігінің негізгі бөлігін Еуропа елдері өз мойнына алмақ. АҚШ тарапынан Марко Рубио мен Джаред Кушнер бастаған арнайы жұмыс тобы құрылып, олар Ресеймен тікелей байланыста жұмыс істейді. Ресей президенті Владимир Путин Украинаны қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін білдіріп, бұған дейінгі Анкоридж келісімдерінің маңыздылығын атап өтті.

Трамп Путинмен болған әңгімені нәтижелі деп бағалады. Тараптар Запорожье АЭС-ін қайта іске қосу мәселесін де қарастырды.

«Президент Путин іс жүзінде Украинамен станцияны ашу бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселеде ол өте жақсы икемділік танытуда. Ол нысанның қайта жұмыс істегенін қалайды» – деп хабарлады Ақ үй басшысы.

Мәскеу қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін растап, қауіпсіздік пен экономика бойынша екі жұмыс тобын құруды қолдады. Дегенмен соғысты түпкілікті тоқтату үшін Киевтің Донбасс мәртебесіне қатысты саяси шешімі қажет. Тараптар байланысты жалғастыруға уағдаласты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады