Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Мадуроның түрмедегі жаңа суреттері жарияланды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 31, 2026, 3:22 Т.Қ.

АҚШ түрмесінде отырған Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуроның жаңа фотосуреттері жарияланды. 25 маусымда түсірілген кадрлар оның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария болды, деп хабарлайды  ZontNews.kz. 

Суреттерде Мадуро күлімсіреп, балаларына, немерелеріне және жақтастарына үндеу жолдаған.

«Біздің берік екенімізді және жүрегіміз сіздердің махаббаттарыңызға толы екенін білгендеріңізді қалаймын», – деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұрынғы президенттің айтарлықтай арықтап, жүдеу көрінетініне назар аударды.

Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес 3 қаңтарға қараған түні Каракаста АҚШ арнайы жасағының «Абсолютті шешім» операциясы кезінде ұсталып, Америкаға жеткізілген. Олар 5 қаңтарда сотқа қатысып, тағылған айыптарды мойындамады.

АҚШ билігі ерлі-зайыптыны есірткі терроризмі, контрабанда және заңсыз қару сақтады деп айыптап отыр. Сот процесі 2027 жылдың маусымына белгіленген.

Осы аралықта АҚШ Венесуэламен мұнай келісімін жасады. Дональд Трамптың мәлімдеуінше, венесуэлалық мұнайдың бір бөлігі елдің стратегиялық қорын толықтыруға жұмсалады. Вашингтонның Венесуэла мұнай саласындағы үлесін арттыру жоспары қоғамда пікірталас туғызды. Бір тарап мұны отаршылдықтың жаңа көрінісіне баласа, екіншілері америкалық инвестиция елдің мұнай өнеркәсібін қалпына келтіруге көмектеседі деп санайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз