Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      20°C
Ру

Қытайлық миллиардер АҚШ-та 30 жылға сотталды

Фото көзі: : Associated Press
ZontNews.kz
Шілде 1, 2026, 12:30 Т.Қ.

Қытайдан АҚШ-қа қоныс аударған миллиардер Го Вэньгуй ірі қаржылық алаяқтық жасағаны үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. агенттігі AP-ға сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі Манхэттен соты оның мыңнан астам инвесторды алдап, 1 миллиард доллардан астам қаржы жинағанын анықтады. Тергеу мәліметінше, бұл қаражаттың едәуір бөлігі сән-салтанатқа, қымбат жылжымайтын мүлікке, яхталарға, көліктер мен брендтік заттарға жұмсалған. Сот сондай-ақ Гоның 889 миллион долларлық активін тәркілеу туралы шешім шығарды.

Прокурорлардың айтуынша, кәсіпкер 2018–2023 жылдары бірнеше компаниясы мен инвестициялық жобалары арқылы адамдарды қаржы салуға үгіттеген. Нәтижесінде мыңдаған адам өмір бойы жинаған қаражатынан айырылған.

Үкім шығарылар алдында Го өзіне тағылған айыптарды мойындамай, АҚШ-қа Қытай Коммунистік партиясына қарсы күресу үшін келгенін мәлімдеді. Ал оның қорғаушылары миллиардерді Қытай билігінің саяси қудалауының құрбаны деп санайды.

Сот алқасы Го Вэньгуйді өзіне тағылған 12 айыптың тоғызы бойынша кінәлі деп таныды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз