Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Кубада миллиондаған адам сусыз қалды

Фото көзі: : AP Photo
ZontNews.kz
Мамыр 29, 2026, түсқайта

Кубада 3 миллионға жуық тұрғын ауыз су тапшылығын бастан кешіріп отыр. Бұған елдегі ірі энергетикалық дағдарыс себеп болған, деп хабарлайды ZontNews.kz. Associated Press-ке сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, Кубадағы сумен жабдықтау жүйесі қажетті отынның небәрі 37 пайызымен ғана қамтамасыз етілген. Жанар-жағармай тапшылығы салдарынан сорғы станциялары мен су тазарту жүйелерінің жұмысы қиындаған.

Сонымен қатар елде электр энергиясының тәулігіне 20 сағатқа дейін өшуі жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Соның салдарынан су үзіліспен беріліп, тұрғындар тіршілік нәрін ұзақ күтуге мәжбүр.

Куба билігі мәселені шешу үшін күн энергетикасына көшу жұмыстарын жеделдетуді жоспарлап отыр. Алайда мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін қомақты инвестиция қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз