Кітап дүкендерінде ЖИ үшін күтпеген сұраныс пайда болды
Германияда ескі кітаптарға сұраныс күрт артты. Антикварлық дүкен иелерінің айтуынша, кітаптарды жасанды интеллект әзірлеумен айналысатын компаниялар жаппай сатып алуда, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Сирек кездесетін басылымдар нейрожелілер мен чат-боттарды оқыту үшін цифрлық форматқа көшіру мақсатында пайдаланылуда. Әсіресе тарих, лингвистика, экономика және құқық салаларындағы ғылыми еңбектерге қызығушылық жоғары.
Сатушылардың мәліметінше, кейбір тапсырыстар көлемі бір жылдық табысқа теңеседі. Сарапшылардың айтуынша, ЖИ компаниялары интернеттегі қолжетімді мәтіндердің көп бөлігін пайдаланып қойғандықтан, енді қағаз күйінде сақталған сирек кітаптарға назар аударуда.
Алайда кітап саудагерлері бұл үрдіс мәдени мұраға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, құнды басылымдарды сақтауға шақыруда.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз