Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Хуситтер Сауд Арабиясының нысандарын атқылады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 8, 2026, 6 Т.Қ.

Иран қолдайтын Йемен хуситтері Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қала мен энергетикалық нысандарға шабуыл жасады. Салдарынан кемінде 73 адам жарақат алды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Соққылар Абха, Хамис-Мушайт, Джазан және Наджран қалаларына бағытталған. Зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар бар.

Бірнеше энергетикалық нысанда өрт шықты. Оқиға орындарына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жіберілді.

Шабуылдардан кейін әлемдік нарықтағы мұнай бағасы соңғы алты аптадан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 8 қыркүйек күні таңертең Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,3 пайызға өсіп, барреліне 98,25 доллар болды. Ал америкалық WTI мұнайы 2,4 пайызға қымбаттап, барреліне 93,70 долларға жетті.

Хуситтер Йеменнің солтүстік бөлігінің басым аумағын, соның ішінде халқы тығыз орналасқан өңірлерді бақылауда ұстап отыр. Олар Сауд Арабиясына теңіз блокадасын жариялаған шілде айынан бері корольдік аумағы мен Қызыл теңіздегі Сауд Арабиясына қатысы бар кемелерге шабуыл жасап келеді.

Иран алдағы күндері Парсы шығанағында кеме қатынасына жабық жаңа аймақ жариялап, Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге арналған бағытты таныстыратынын мәлімдеді. Жабық аймақтың нақты шекарасы әзірге белгісіз. Оған кірген кемелер санкциялық тізімге енгізілуі мүмкін.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи Тегеранның енді шабуылды күтіп отырмайтынын және АҚШ тарапынан қауіп байқалса, бірінші болып соққы жасауға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, жаңа зымырандардың жуырдағы сынақтары Иранның әскери мүмкіндігін Вашингтонға көрсетті.

Reuters Резаи жетілдірілген «Касем Басир» баллистикалық зымыранын меңзеген болуы мүмкін деп болжайды. Associated Press мәліметінше, бұл зымыран кемінде 1200 шақырымға ұшып, салмағы шамамен 500 келі болатын оқтұмсықты алып жүре алады.

Ирандық ақпарат құралдары мұндай зымыранның Ормуз бұғазы маңындағы америкалық әскери кемелерге қарай ұшырылғанын хабарлады. Алайда АҚШ тарапы бірде-бір кеменің зақымданбағанын мәлімдеді.

Соғыс басталғанға дейін әлемдегі мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімдерінің шамамен бестен бірі Ормуз бұғазы арқылы өтетін. АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс 28 ақпаннан бері жалғасып келеді. Маусым айында Тегеран мен Вашингтон соғысты тоқтату туралы алдын ала келісімге қол қойғанымен, бірнеше үзілістен кейін әскери қимылдар қайта жанданды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғыста жеңіске жеткеннен кейін елдегі бензин бағасы алдымен бір галлон үшін үш долларға, кейін екі доллардан төмен деңгейге түсетінін айтты. Сондай-ақ ол Иранның ядролық қаруға ие болуына жол берілмейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз