Жексенбі, 22 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    4°C
    • Астана
      -4°C
Ру

Кенияда су тасқыны: 70-тен астам адам қаза тапты

Фото көзі: Reuters видеосынан скриншот
ZontNews.kz
Наурыз 18, 2026, 4:12 Т.Қ.
0
7

Кения аумағында наурыз айының басынан бері толассыз жауған нөсер жаңбыр бірнеше өңірді су басуына әкелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 70-тен асты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Синьхуа агенттігі хабарлауынша, су тасқынынан көз жұмғандар саны 71-ге жеткен. Құрбандардың жартысынан көбі ел астанасы Найроби қаласында тіркелген. Полиция мәліметінше, қаладағы дренаж жүйесінің әлсіздігі, арықтардың бітелуі және сапасыз құрылыс жағдайды ушықтырған.

«Қайтыс болғандар саны 71-ге жетті. Найроби ең көп зардап шеккен аймақ болып отыр, мұнда 36 адам көз жұмды», – делінген Ұлттық полиция қызметінің мәлімдемесінде.

Су тасқыны салдарынан жолдар жабылып, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келді. Көптеген тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Кения метеорологиялық департаменті жауын-шашынның әлі де жалғасатынын ескертіп отыр. Болжам бойынша, нөсер жаңбыр сәуір айында шарықтау шегіне жетуі мүмкін.

Ал Euronews дерегінше, елде жаңбыр маусымы әдетте ақпан айының соңында басталады. Биыл 6 наурызда түн бойы жауған нөсер Мара мен Талек өзендерінің арнасынан асып, ірі су тасқынына ұласқан.

Әлеуметтік желілерде су басқан үйлер мен аударылған көліктердің видеолары кеңінен таралуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз