Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      15°C
Ру

Ирандағы соққы: балалар қаза тапқан шабуылда ондаған адам көз жұмды

Фото көзі: : DW
ZontNews.kz
Сәуір 7, 2026, 8:59 Т.Ж.
0
18

Иран мен Израиль арасындағы өзара әуе және зымыран соққылары салдарынан бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар саны артып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz «Қазақпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Иран астанасы Тегеран маңындағы Эсламшахр қаласында жасалған әуе соққысы тұрғын үйді толықтай қиратып, кемінде 19 адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың алтауы – балалар.

Оқиға 6 сәуір күні тіркелген. Ирандық БАҚ мәліметінше, нысананың не себепті таңдалғаны әзірге белгісіз.

Шабуылдан кейін қаланың кейбір аудандарында газбен қамтуда іркілістер байқалған. Бұл Шариф университеті маңындағы жанармай құю бекетіне соққы жасалуымен байланысты екені айтылды.

Аталған әуе соққысы үшін жауапкершілікті әзірге ешбір тарап ресми түрде мойнына алған жоқ. Дегенмен, кейін Израиль Иран аумағына соққы жасалғанын растады. Бұл жағдай АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан Ормуз бұғазын ашуды талап еткен мәлімдемесінен кейін орын алды.

Өз кезегінде Иран Израиль аумағына зымыранмен жауап қайтарды. Хайфа қаласындағы тұрғын үйге түскен соққы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалды. Ғимараттың бір бөлігі толық қирап, қалған бөлігі апатты жағдайда тұр.

Құтқарушылар оқиға орнында түні бойы жұмыс істеді. Іздестіру жұмыстары жаңа шабуыл қаупіне байланысты күрделене түскен.

Жалпы, 5–6 сәуір аралығында Иран тарапынан Израильге бірнеше мәрте зымыран ұшырылған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері олардың көп бөлігін жойғанымен, кейбірі тұрғын және өнеркәсіптік нысандарға түскен. Соның бірі Беэр-Шева маңындағы ірі өнеркәсіптік кешенге тигені хабарланды.

Қақтығыс аймақтағы қауіпсіздік жағдайын күрт шиеленістіріп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз