Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026 г.

$ 448.48
514.45
5.35
  • Алматы
    19°C
    • Астана
      12°C
Ру

Еуропада аптаптан 1300-ден астам адам көз жұмды

Фото көзі: : Sarah Meyssonnier/REUTERS
ZontNews.kz
Маусым 29, 2026, 10:18 Т.Ж.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің мәліметінше, соңғы аптада Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 1300-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды  ZontNews.kz.

Оның айтуынша, Еуропа – климаттың өзгерісі ең жылдам байқалып жатқан құрлықтардың бірі. Мұнда ауа температурасы жаһандық орташа көрсеткіштен екі есе жылдам өсіп келеді. Қазіргі таңда аптап ыстықтың әсерін шамамен 150 миллион адам сезініп отыр. Бірқатар елдерде мектептер жабылып, жүздеген адамның өміріне қауіп төнген.

21 маусымнан бері тіркелген аптап ыстықтың салдары адам шығынының артуына әкеліп, қайтыс болғандар саны 1300-ден асты.

Тедрос Адханом Гебрейесустің айтуынша, Еуропадағы көптеген тұрғын үйлер, жұмыс орындары мен білім беру мекемелері мұндай жоғары температураға бейімделіп салынбаған.

Ол ДДСҰ мүше мемлекеттермен және халықаралық серіктестермен бірлесіп, экстремалды ыстықтың денсаулыққа әсерін азайту бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Ұйым дайындықты күшейтуге, алдын алу шараларын жетілдіруге және денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерін арттыруға басымдық беріп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз