Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -15°C
Ру

Еуропаға бетбұрыс: Молдова ТМД құрамынан заңды түрде шығуды бастады

Фото көзі: Pixabay
Қаһар Бинахметов
Қаң. 20, 2026, 12:50 Т.Қ.
0
25

Ресми Кишинев Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) аясындағы мүшелігін заңды түрде тоқтатуға бағытталған кешенді шараларды қолға алды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

19 қаңтарда Молдова СІМ басшысы Михай Попшой елдің ұйымнан біржола шығуын бекітетін негізгі үш келісімнің күшін жою (денонсация) процесі басталғанын мәлімдеді.

Министрдің түсіндіруінше, бұл қадам іс жүзінде әлдеқашан тоқтап тұрған мүшелікті құқықтық тұрғыдан ресімдеуді көздейді. Күшін жою жоспарланған құжаттардың қатарында 1991 жылғы ТМД-ны құру туралы келісім, оған қосымша хаттама және 1993 жылғы Ұйым Жарғысы бар. Тиісті құжаттар Парламенттің жаңа сессиясының басында қаралады.

«Ақпан айының ортасына қарай Үкіметтегі рәсімдерді аяқтаймыз, содан кейін соңғы шешімді Парламент қабылдайды» – деп мәлімдеді Михай Попшой.

СІМ басшысы бұл шешімді елдің еуропалық бағытын нығайту жолындағы стратегиялық қадам деп атады. Қазіргі уақытта Молдова ТМД аясында қол қойылған 283 келісімнің 71-інен ресми бас тартқан, тағы 60-қа жуық құжатты жою процесі жүріп жатыр.

Дегенмен, Кишинев прагматикалық ұстанымнан бас тартпайды. Попшойдың айтуынша, еуропалық интеграция курсына қайшы келмейтін және азаматтар мен бизнес үшін экономикалық тиімділігі бар жекелеген келісімдер әзірге күшінде қала береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады