Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Бейжіңде Қытай мен Ресей көшбасшылары кездесті

Фото көзі: : Берік Табынбаев/Kazinform
ZontNews.kz
Мамыр 21, 2026, 12:15 Т.Қ.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин Бейжіңде ресми келіссөз өткізді. Кездесу Ресей басшысының Қытайға жасаған ресми сапары аясында өтті, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Ресми рәсім Халық жиналыстары ғимараты алдында ұйымдастырылып, Қытай көшбасшысы Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алды. Кейін тараптар жеке және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Си Цзиньпин Қытай мен Ресей арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін айтты. Ал Владимир Путин екі елдің тәуелсіз сыртқы саясат ұстанып, жаһандық аренада тұрақтандырушы рөл атқаратынын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысында тараптар жан-жақты серіктестікті нығайту және тату көршілік қатынастарды тереңдету туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар көпполярлы әлем туралы декларация қабылданып, 40-қа жуық үкіметаралық және ведомствоаралық құжат рәсімделді.

Тараптар визасыз режимді жалғастыруға келісті. Қытай билігі Ресей азаматтары үшін визасыз режимді 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартатынын хабарлады. Ресей де осыған ұқсас шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз