Бангладеште қызылша күдігімен 999 бала қайтыс болды
Бангладеште қызылша індеті кезінде ауру жұқтырды деген күдікпен көз жұмған балалардың саны 999-ға жетті, деп хабарлайды ZontNews.kz. Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Бангладеш Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Денсаулық сақтау бас басқармасының мәліметінше, елде қызылша індеті наурыз айының ортасынан бері жалғасып келеді. Жыл басынан бері ауру жұқтырды деген күдікпен 999 бала қайтыс болған.
Соңғы бір айдың өзінде қызылшадан 100-ден астам баланың көз жұмғаны хабарланды. Наурыздан бері ел аумағында аурудың 166 мыңнан астам күдікті жағдайы тіркелген.
Індеттің таралуын тоқтату мақсатында наурызда шұғыл вакцинация науқаны басталды. Алғашқы кезеңде алты айдан бес жасқа дейінгі балаларға басымдық берілді. Кейін екпе жұмыстары біртіндеп бүкіл ел аумағын қамтыды.
Қызылша пневмония мен энцефалопатия сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар бұл вакцинация арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың бірі саналады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз