Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      5°C
Ру

Байқоңырдан тарихи ұшырылым күні белгілі болды

Фото көзі: © «Роскосмос»
ZontNews.kz
Наурыз 20, 2026, 4:48 Т.Қ.
0
4

«Союз-5» зымыран тасығышының Байқоңырдан алғашқы ұшырылымы 27 наурызға жоспарланып отыр. Бұл – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясындағы маңызды кезеңдердің бірі, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшырылым 27 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 16:00-де өтеді. Қосалқы күн ретінде 28 наурыз белгіленген. Бұл туралы Ресейдің Ханты-Мансы автономиялық округіндегі Кондин ауданы әкімдігі тұрғындарға зымыран бөлшектерінің құлауы мүмкін екені жөнінде ескерту жасағаннан кейін белгілі болды.

Айта кету керек, бастапқы жоспар бойынша ұшырылым 2025 жылдың соңында жүзеге асуы тиіс еді. Алайда жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін толық тексеру мақсатында мерзімі кейінге шегерілген. Қазақстанның цифрлық даму министрлігі зымыран мен жерүсті инфрақұрылымы дайын болғанымен, қосымша сынақтар жүргізу қажеттігін атап өткен.

«Бәйтерек» жобасы – 2004 жылдан бері талқыланып келе жатқан ірі ғарыштық бастамалардың бірі. Оның басты мақсаты – Байқоңыр ғарыш айлағында жаңа буындағы заманауи инфрақұрылым қалыптастыру.

Алдағы ұшырылым осы жобаның нақты іске аса бастағанын көрсететін маңызды қадам болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз