Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    16°C
    • Астана
      19°C
Ру

АҚШ-тағы қайғылы оқиға: сегіз бала көз жұмды

Фото көзі: Бейнежазбадан скриншот
ZontNews.kz
Сәуір 20, 2026, 9:22 Т.Ж.
0
12

2026 жылғы 19 сәуірде Шривпорт қаласында жантүршігерлік қылмыс орын алды. Белгісіз ер адам бірнеше үйге барып, атыс ұйымдастырып, салдарынан сегіз бала қаза тапты. Бұл туралы ZontNews.kz. DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға кезінде тағы екі адам жарақат алған. Шривпорт полициясы мәліметінше, шабуыл тұрмыстық жанжал негізінде болуы мүмкін. Күдікті үш үйді аралап, адамдарға оқ атқан. Үшінші үйдегі жәбірленушілердің бірі жасырынып үлгерген.

Қылмыстан кейін ер адам көлік ұрлап, оқиға орнынан қашуға әрекет жасаған. Алайда полиция оны тоқтатып, қарулы қарсылық көрсетуіне байланысты атып өлтірген.

Алдын ала деректер бойынша, қаза тапқан балалардың кейбірі күдіктінің туыстары болған. Қазіргі уақытта оның нақты кім екені және мұндай әрекетке не себеп болғаны анықталып жатыр.

Полиция өкілі Кристофер Борделон бұл оқиғаны қала тарихындағы ең ауыр қайғылы жағдайлардың бірі деп атады. Ал Том Арсено қалада қаралы күн жариялады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз