АҚШ-та 43 күнге созылған үкімет дағдарысы аяқталды
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық үкіметтің жұмысын қайта қаржыландыру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл құжат ел тарихындағы ең ұзақ — 43 күнге созылған үкімет жұмысының тоқтауына нүкте қойды.
Заң жобасын бұған дейін Конгрестің екі палатасы да қолдаған. Өкілдер палатасында 222 конгрессмен қолдап, 209-ы қарсы дауыс берген. Сенат құжатты 11 қарашада бекітті.
Шатдаун федералдық бюджетке қатысты Республикалық және Демократиялық партиялар арасындағы келіспеушілік салдарынан болған. Нәтижесінде шамамен 750 мың мемлекеттік қызметкер еңбекақысыз мәжбүрлі демалысқа жіберілді. Тек әуе қозғалысын басқару, полиция, шекара күзеті мен жедел медициналық көмек сияқты маңызды қызметтер ғана жұмысын жалғастырды.
Axios басылымының мәліметінше, шатдаун кезінде НАТО елдеріне жалпы құны 5 миллиард доллардан асатын америкалық қару-жарақ жеткізілімі кешіктірілген.
Екі партия арасындағы келісім медициналық сақтандыру саласындағы салықтық жеңілдіктерге байланысты қабылданды. Сонымен қатар шатдаун кезінде жұмыстан уақытша босатылған мемлекеттік қызметкерлер қайта жұмысқа алынып, барлық еңбекақы қарызы өтеледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз