АҚШ Ресейдің «көлеңкелі» танкерін қолға түсірді
АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы Кариб теңізі бассейнінде Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі деп болжанған «Veronica» танкерін қолға түсірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл туралы15 қаңтар күні ведомствоның ресми өкілдері хабарлады.
«Оңтүстік найза» (Southern Spear) біріккен жедел тобы жүргізген арнайы операцияға АҚШ Теңіз жаяу әскері мен Әскери-теңіз күштері қатысты. Операция АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің қолдауымен және «USS Gerald R. Ford» авиатасушы кемесінің қатысуымен жүзеге асырылды.
«Veronica кемесі Кариб аймағындағы санкциялық мұнай тасымалына қатысты белгіленген карантин режимін бұзған кезекті танкер болды» – деп мәлімдеді АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы.
Бұл соңғы бір ай ішінде АҚШ билігі тарапынан Венесуэламен байланысты деген айыппен тұтқындалған алтыншы кеме. Американдық тарап танкер иесі мен оның нақты барар бағыты туралы ресми ақпаратты жарияламады. Дегенмен ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша танкер соңғы рет Аруба жағалауында Гайана туымен тіркелген.
«Новая газета Европа» басылымының зерттеуіне сүйенсек кеменің ресми иесі ресейлік «Буревестмарин» компаниясы болып табылады. Сарапшылар бұл оқиғаны АҚШ-тың халықаралық санкцияларды орындату бойынша бақылауды күшейтуінің кезекті қадамы ретінде бағалап отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз