Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      25°C
Ру

АҚШ-та қашықтан жұмыс дауға айналды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 2, 2026, 2:10 Т.Қ.

АҚШ-тың бір штатында билік 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлер аптасына екі күннің орнына төрт күн кеңседе жұмыс істеуге міндетті деген шешім қабылдады. Жаңа талап кемінде 90 мың қызметкерге қатысты, деп хабарлайды ZontNews.kz. Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Билік өкілдерінің айтуынша, кеңседе жұмыс істеу еңбек өнімділігін арттырып, мемлекеттік мекемелердің қалыпты жұмыс ырғағын қалпына келтіреді. Алайда кәсіподақтар қашықтан жұмыс істеу тәжірибесін мемлекеттік қызметті жаңғыртудың сәтті үлгісі деп санайды. Олардың пікірінше, бұл формат бюджет қаражатын үнемдеуге, білікті мамандарды сақтап қалуға және жолдағы көлік қозғалысының азаюы арқылы CO₂ шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік берген.

Шешімге әсіресе CASE кәсіподақ қауымдастығы қарсылық білдірді. Ұйым сотқа талап-арыз беріп, билік экологиялық сараптама жүргізуге міндетті болғанын мәлімдеді. Себебі мыңдаған қосымша сапар жолдағы көлік санын көбейтіп, ауаның ластануына және парниктік газдар шығарындысының артуына әкеледі. Алайда сот бұл іске араласқан жоқ, ал жаңа талап күшіне енді.

Мемлекеттік қызметкерлердің есебінше, кеңсеге қайта оралу ай сайын жанармай мен автотұраққа шамамен 500 доллар қосымша шығын келтіреді. Сондай-ақ аптасына жолға кететін уақыт 2,5 сағатқа ұлғаяды.

Сонымен қатар, қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу кеңсе алаңдарын шамамен үштен біріне қысқартып, салық төлеушілерге жыл сайын шамамен 225 миллион доллар үнемдеуге мүмкіндік бергенін алға тартып отыр.

Кәсіподақтар бұл мәселедегі күрес енді ғана басталғанын мәлімдеді. 1 шілде күні жаңа шешімге наразы мемлекеттік қызметкерлер Капитолий ғимаратының алдында митинг өткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз