Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

АҚШ пен Иран мәмілеге келді

Фото көзі: :  Anadolu Ajansı https://www.inform.kz/ru/soglashenie-ssha-iirana-mozhet-bit-oformleno-vtechenie-sutok-0a509e19
ZontNews.kz
Маусым 15, 2026, 9:35 Т.Ж.

АҚШ пен Иран арасында жасалған бейбіт келісім жобасының негізгі шарттары жарияланды. Иранның Mehr телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, құжат 14 тармақтан тұрады және тараптардың бірқатар маңызды мәселелер бойынша ымыраға келгенін көрсетеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Келісім аясында әскери қимылдарды тоқтату, теңіз блокадасын алып тастау, Ормуз бұғазының жұмысын қалпына келтіру және Иранға қарсы бірқатар санкцияларды жеңілдету көзделген. Сондай-ақ АҚШ Иранның егемендігін құрметтеуге және оның ішкі істеріне араласпауға міндеттенеді.

Құжатта Иранның ядролық қару өндірмейтіні және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа адал болып қалатыны көрсетілген. Өз кезегінде тараптар 60 күн ішінде ядролық бағдарламаға қатысты түпкілікті келісімге қол жеткізу үшін келіссөздер жүргізбек.

Бұдан бөлек, АҚШ пен оның одақтастары Иранды қалпына келтіруге бағытталған кемінде 300 миллиард доллар көлеміндегі бағдарламаларды ұсынуға ниетті. Сондай-ақ бұғатталған ирандық қаржы активтерін кезең-кезеңімен босату жоспарланған.

Тараптар келісімнің орындалуын бақылау тетігін құрып, түпкілікті құжатты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына ұсынбақ.

АҚШ пен Иран билігі бейбіт мәмілеге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Құжатқа ресми қол қою рәсімі 19 маусымға жоспарланған. Сонымен қатар америкалық теңіз блокадасы тоқтатылып, Ормуз бұғазын қайта ашу жұмыстары келісім күшіне енгеннен кейін басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз