Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

АҚШ Иранға қарсы операцияларын тоқтатпайды – Трамп

Фото көзі: : «БИЗНЕС Online»
ZontNews.kz
Мамыр 15, 2026, 11:45 Т.Ж.

Дональд Трамп Иранға қарсы соғыс жалғасатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Трамптың айтуынша, АҚШ Ислам Республикасының әскери күшіне ауыр соққы берген. Сондай-ақ ол Америка әлемдегі ең қуатты армияға ие екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Ақ үй басшысы өз әкімшілігінің жұмысын жоғары бағалап, билікке келгеннен бері АҚШ экономикасы нығайып, инвестиция көлемі артқанын және халықтың әл-ауқаты жақсарғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Трамп бұрынғы президент Джо Байден саясатын сынға алып, оның тұсында Америка әлсірегенін айтты.

Қытаймен қарым-қатынасқа тоқталған ол Си Цзиньпин қысқа мерзімде жеткен жетістіктерімен құттықтағанын жеткізді. Сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасындағы байланыс алдағы уақытта жақсара түсетініне сенім білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз