Ақ үй: АҚШ–Иран келіссөздері 11 сәуірде өтеді
Ресми мәліметке сәйкес, АҚШ атынан келіссөздерге вице-президент Джей Ди Вэнс қатысады. Кездесу сенбі күні өтпек, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұған дейін Пәкістан премьер-министрі келіссөздер 10 сәуірде Исламабад қаласында басталуы мүмкін екенін айтқан еді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Вашингтон Ливанды АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату келісімінің бөлігі деп санамайтынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазын ашуға мәжбүрлейді. Сонымен қатар Тегеран байытылған уранды беруге келісуі мүмкін екені айтылды.
Еске сала кетейік, 8 сәуірге қараған түні АҚШ, Иран және Израиль екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келген. Алайда Израиль Хезболла ұйымына қарсы Ливан аумағында әскери әрекеттерін жалғастырып жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз