Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      0°C
Ру

Алматыда бәсекелестік заңнамасын бұзудың тоғыз дерегі анықталды

Фото көзі: Фото: ӨКҚ
ZontNews.kz
Ақп. 12, 2026, 2:15 Т.Қ.
0
21

Алматы қаласында монополияға қарсы орган жүргізген тексерістер нәтижесінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың тоғыз фактісі анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Нұрланұлы мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz 

Оның айтуынша, департаменттің негізгі мақсаты – адал бәсекелестікті дамыту, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нарықта негізсіз шығындарға жол бермеу.

Ауқымды істердің бірі «Алматы электр станциялары» АҚ-ға қатысты болды. Тергеу барысында компанияның электр энергиясын жеткізу кезінде қосымша қызметті міндеттеу арқылы кәсіпорындарға артық жүктеме жүктегені анықталған. Бұл Алматы индустриялық аймағындағы 118 кәсіпорынға әсер еткен. Қазіргі таңда сот департамент қорытындыларын заңды деп таныған.

Сондай-ақ «FlyArystan» әуе компаниясына қатысты тексеру басталды. Әуе тасымалдаушысы қол жүгінің артық салмағына қарамастан бірыңғай тариф қолданған. Департамент бұл тәсіл тұтынушылар құқығын шектеуі мүмкін деп отыр.

Бұдан бөлек, «INVIVO Business» ЖШС франчайзинг шарттарындағы бәсекелестікке шектеу қоятын тармақтарды алып тастады. Нәтижесінде зертханалық қызмет нарығындағы 143 субъектінің құқығы қорғалды.

Жылумен жабдықтау саласында да заңбұзушылық анықталды: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС қайта қосу қызметіне негізсіз 10% үстеме қосқан. Тексеру нәтижесінде бұл талап жойылып, тұрғындар үшін қызмет құны 10%-ға төмендетілді.

 

 

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз