Жексенбі, 22 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    4°C
    • Астана
      -5°C
Ру

ТҮРКСОЙ Димаш Құдайберген мен Самал Еслямованы марапаттады

Фото көзі: : Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты
ZontNews.kz
Наурыз 6, 2026, 11:13 Т.Ж.
0
13

Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Қазақстанның мәдениеті мен өнерін әлемге танытып жүрген бірқатар өнер қайраткерлері марапатталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемінің мәдениетін дамытуға және халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары марапаттарының бірі – «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталды.

Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесі табысталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Марапаттау рәсімінде мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов өнер иелерін құттықтап, олардың шығармашылығы түркі мемлекеттері арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және қазақстандық өнердің халықаралық беделін арттыруға үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.

Өз сөзінде ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қазақстандық өнер қайраткерлерінің ортақ түркі мәдени кеңістігін дамытудағы рөліне тоқталды. Оның айтуынша, Димаш Құдайберген музыка арқылы түркі халықтарының мәдениетін әлемге танытып жүрсе, Самал Еслямова қазақстандық кино өнерінің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етіп келеді.

Марапатты қабылдау барысында Димаш Құдайберген өнер адамы үшін ең үлкен марапат – халықтың қолдауы екенін атап өтті.

«Өнер иесі үшін ең жоғары марапат – халықтың құрметі мен қолдауы. Мен бұл марапатты тек өзіме емес, бүкіл қазақ халқына көрсетілген құрмет деп қабылдаймын», – деді әнші.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бұл марапатқа ие болған екінші тұлға. Бұған дейін «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атағы Түркияның Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санджарға берілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз