Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    7°C
    • Астана
      -3°C
Ру

Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы бір жылда 7% өсті, ет ерекше қымбаттады

Фото көзі: Фото көзі: ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Ақп. 9, 2026, 12:04 Т.Қ.
0
37

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы соңғы бір жылда орта есеппен 7,1% өсті, деп хабарлайды ZontNews.kz EnergyProm деректеріне сілтеме жасап. Ал ет өнімдерінің бағасы айтарлықтай шарықтап, бірден 30%-ға дейін көтерілген.

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) жаңартылған тізіміне 31 тауар кіреді. Баға өсімі бойынша Жезқазған (10,6%) мен Ақтау (9,8%) алдыңғы қатарда, ал Алматыда өсім 7%, Астанада республика бойынша ең төмен деңгейде – 5,2% болды.

Бағаның ең күрт өсуі ет өнімдерінде тіркелді:

Сиыр еті (сүйексіз) – +30,7% 

Қой еті – +29,2% 

Сиыр еті (сүйегімен) – +28,7% 

Тартылған ет (фарш) – +26,6% 

Жылқы еті – +17,7%

Сонымен қатар, сәбіз 17,2%, күнбағыс майы 15,8%, тұз 13,9% қымбаттаған. Ал 31 тауардың тек бесеуі арзандады: қияр 16,5%, қызанақ 9,7%, картоп 7%, күріш 4,9%, пияз 1,6%.

Ет бағасы қымбаттағанына қарамастан, Қазақстанда оның тұтынуы азайған жоқ: 2025 жылдың үшінші тоқсанында ет өнімдерін тұтыну 3,6% артты, бір адамға шаққанда бір тоқсанда орта есеппен 21,3 келі болды.

 

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз