Қазақстан құрамасы 11 жүлде жеңіп алды
Қазақстандық таеквондошылар Bulgaria Open халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны 11 медаль еншіледі. Байрақты бәсеке Болгарияның София қаласында өтті, деп хабарлайды ZontNews.kz
Ұлттық құрама қоржынына 5 алтын түсті. Жеңімпаз атанғандар қатарында Еркебұлан Еңсегенов (54 кг дейін), Тоғжан Қазнабек (57 кг дейін), Жавохирхон Исламов (58 кг дейін), Эльдар Бірімбай (74 кг дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 кг дейін) бар.
87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс жүлде иеленді.
Қола медальді Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева (екеуі де 46 кг дейін), Нодира Ахмедова (49 кг дейін), Жазира Иссина (57 кг дейін) және Батырхан Кусетов (80 кг дейін) жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Ресей иеленсе, үшінші орын Иордания құрамасына бұйырды.
Айта кетейік, G-2 санатындағы турнирге 56 елден 645 спортшы қатысқан. Бұл – ұлттық құраманың жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз