Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Ақтөбеде теміржолшы әйелдер басшылық үстінен тексеріс жүргізуді талап етті

Фото көзі: : Ulysmedia
ZontNews.kz
Наурыз 10, 2026, 4 Т.Қ.
0
7

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалының екі қызметкері мекемеде тексеріс жүргізуді талап етті. Олардың айтуынша, басшылық тарапынан жиі моральдық қысым көрсетіліп, қызметкерлерді жұмыс кестесінен тыс тапсырмаларға тарту жағдайлары кездеседі, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода теміржолшы әйелдер басшылықтың әрекетіне шағым айтып, еңбек жағдайын тексеруді сұраған. Сондай-ақ өндіріс барысында қауіпсіздік талаптарының сақталмайтыны туралы да айтылған.

Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Компания өкілдерінің мәліметінше, даулы жағдай қызметкердің арнайы жұмыс формасын кимеуіне байланысты туындаған. Қазіргі уақытта филиал басшылығы ұжыммен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз